3.08.2023, 12:00
Оқылды: 51

Ішімдік қылмысқа итермелейді

Переметный ауылында аудан әкімі Марат Тоқжановтың қатысуымен  құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында жиын өтті. Аудан прокуроры Алмас Меңлібаевтың  төрағалық еткен басқосуға құқық қорғау саласы  қызметкерлері қатысты. Жиында аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиевтың, аудандық прокуратураның аға прокуроры Ысмайл Дінмұхамедтің, аудандық полиция бөлімінің басшысы Төребек Маратовтың  баяндамалары тыңдалды.

IMG-20230803-WA0006

Жиында баяндалғандай, ауданында қылмыс атаулысы өткен жартыжылдықпен салыстырғанда 45 пайызға (237-ден 130-ға)  азайған.  Есесіне аса ауыр және онша ауыр емес санаттағы қылмыстар өскен.  Адам өліміне әкеліп соққан қылмыстар Трекин, Мичурин, Щапов сынды ауылдық  округтерінде тіркеліп отыр. Басқосуда аудандағы  құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету, ұрлық, мал ұрлығы, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, жол-көлік оқиғасы, интернеттегі алаяқтық мәселелері талқыланып, алдағы күннің міндеттері белгіленді. Айта кетейік, ұрлық өткен жылғы алты аймен салыстырғанда кемігенімен, бұл қылмыс Мичуринде, Дариянда, Переметныйда, Зеленыйда орын алған.

Ауданда мал ұрлығы да толастамай тұр. Ол былтырығы осы кезеңге қарағанда 40 пайызға өскен. Экологиялық қылмыстар  да  артқан.

IMG-20230803-WA0003

Аудандық полиция бөлімінің   бастығы Т.Маратовтың айтуынша,  қылмысқа итермелейтін басты себептердің бірі - ішімдік ішу. Соның  салдарынан қылмыс жасау деректері жиілеген. Осы орайда халықтың қауіпсіздігі мен қылмысты азайту үшін көшелер мен қоғамдық орындарда орнатылған бейнекамералар саны арта түскенін айта кеткен ләзім. Отбасында зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен де профилактикалық жұмыстар жүйелі өткізіліп тұрады. Полиция қызметкерлері балалардың қадағалаусыз, панасыз қалу фактілерін анықтау бойынша жұмыстар атқаруда.

Жиын соңында аудан әкімі көтерілген мәселелер төңірегінде құзырлы құрылым басшыларына  нақты тапсырмалар берді.

 

Гүлнар Қадырова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале