22.10.2021, 12:42
Оқылды: 73

Іскер әйелдер бас қосты

Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының республикадағы ең ірі үкіметтік емес ұйымдардың бірі ретінде 25 жылдық тарихы бар. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық және қауымдастықтың мерейтойлары аясында, БҚО ІӘҚ-ның  іскер әйелдер қауымы Теректінің төріне жиылды. Ең алдымен аудан әкімінің міндетін атқарушы  Амангелді Кәрімұлымен кездескен шара меймандары одан кейін өңіріміздің іскер әйелдерімен жүздесті.

1

Шараны Теректі ауданы әкімдігі жанындағы отбасы істері және гендірлік саясат жөніндегі комиссия мүшелері ауданның іскер әйелдер кеңесінің  төрайымы Майра Исенова, “Әйел. Қоғам. Болашақ” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлмира Төлегенова, “Қызыл Ай” қоғамдық бірлестігінің  Теректі аудандық филиалының  төрайымы Айгүл Қайырова. аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы, аудандық  мәслихатының депутаты Нұрсауле Аткеевалардың жүзеге асыруымен ұйымдастырылды.

2

Айтулы кездесуге ауданымызға қарасты округтерден өкілдер шақырылды. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысының іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Жаңсұлу Төремұратова, КазИИТУ мұғалімі, Орал қалалық мәслихатының депутаты Аида Маратова, "БатысСпецАвтоматика" ЖШС атқарушы директоры Наталья Нұрымғалиева қатысты.

5

4

Шара барысында Майра Исенова азаматтық қоғамның дамуына үлес қосуға, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру мен әйелдердің жан-жақты дамуы туралы, әсіресе бизнестегі әйелдер мен олардың проблемалары туралы айтып өтті.  Қоғамдастықтың қызметі, мақсаты және болашаққа жоспарлары туралы мазмұнды кездесу барлық қатысушылардың көңілінен шықты. Бағдарлама соңында іскер әйелдердің бірге болып, бір - біріне қолдау көрсетуге, бірге игі істер жасауға шақырды.

Мейрамгүл Сәрсенғалиқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале