5.11.2021, 16:15
Оқылды: 47

Іскер әйелдердің қоғамдағы орны ерекше

Дүйсенбі күні ауданға Батыс Қазақстан облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Жансұлу Төремұратова жұмыс сапарымен келді. Мәдени-демалыс орталығында өткен игі шараға Тасқала аудандық мәслихат басшысы Жанар Бисенғалиева қатысты.

іскер әйелдер фото (2)

Бүгінгі күнде құрылғанына 20 жылдан астам уақыт «Іскер әйелдер» қауымдастығы әр саладағы нәзік жандылардың жоғарғы статусы мен   имиджын қалыптастыруда, әйел азаматтардың өз ісін, қоғамдағы жолын табуға бағыт беруде көптеген істер атқарып отыр.

іскер әйелдер фото

«Елімізде кәсіпкер әйел, гендерлік саясат сияқты ұғымдарды алға тарту, оны жандандыру, заманауи үлгіде қызмет атқарудың бастаушысы бола отырып мындаған жас әйелге көмек қолын созып отырсыздар. Сонымен қатар аталмыш ұйым қайырымдылықты көрсетуден де бас тартпайды. Соның бірі биыл алғаш рет өткізіліп отырған ынтымаққа, мейірімділікке тәрбиелейтін «Қайырымдылық керуені» байқауы акциясы болды. Еліміздегі барлық жұмыстар мен игі бастамалар, сондай-ақ идеялар мен бағдарламаларды іске асыратын негізгі күш те осы белсенді мүшелердің еңбегі. Іскерлігімен алдыңғы қатардан көрінетіндер де әйелдер екеніне көзіміз жетеді. Облысымыздағы тек саясат емес кәсіпкерлік, жұмыспен қамту, біліктілігін арттыру, отбасы және денсаулық сынды әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру салаларын дамытуда үлкен рөл атқарып отырған қауымдастық жұмысына алдағы уақытта да сәттілік тілеймін»,- деді Жансұлу Меңешқызы.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале