16.07.2021, 12:38
Оқылды: 26

Іскер, жаңашыл адамдар сайланса екен

- Сайлау жалпыға бірдей, тең, ерікті түрде өтуі тиіс. Сайланатын әкімдердің ең бастысы – беделі мен абыройы болу керек. Сонымен қатар ауылшаруашылық ісінің жандануына, әлеуметтік жағынан осал топқа жататын тұрғындардың жағдайын жақсарту бойынша жұмыстанып, жалпы ел мәселесін шеше білуі керек.

249E1F90-92DA-4CB8-A801-93664942DE08

Үміткерлердің осындай жұмыстарды атқара алатын қабілеті болуы керек деп ойлаймын. Қазақ артына мол байлық қалдырған адамды емес, елі үшін игі істер жасаған адамды кемеңгер санаған. Іскер, жаңашыл адамдар сайланып, ел үміті ақталса деймін.

Рая Апахаева,

ардагер ұстаз, медиатор

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале