21.05.2024, 16:15
Оқылды: 27

«Иском» ЖШС ардагерлерді газетке жаздырды

Теректі ауданында су тасқынынан соң салы суға кеткен халықтың тұрмысын қалыпқа келтіру жұмысы уәде етілгендей жүзеге асуда. Бірнеше мердігер үйлердің құрылысын бастап кетті. Тұрғындарға баспана салу күз мезгіліне дейін аяқталады.

Screenshot_20240522_125250_Gallery

Қауырт жұмыстың, қызған еңбектің бел ортасында жүріп-ақ аудан басылымын қолдаған «Иском» ЖШС 20 ардагерді газетке жаздырды.

Бүгінгі таңда Подстепный, Аңқаты ауылдарында тұрғын үй салып жатыр. Тасқыннан келген зардапты жою сынды ауданымыздағы өзге де жаңалықтарды нақты әрі жедел жеткізетін газетке халықтың сұранысы бар. Дегенмен соңғы қиындықтардан кейін есеңгіреп қалғанын жоққа шығара алмаймыз.

Әсіресе басылымға басымдық беретін қарияның көптігі қуантады. Осы орайда аталған мердігер компаниясы ауыл ардагерлері үшін игі іс жасады деуге әбден болады.

Айта кетейік, мердігер компанияның басшысы Рафик Мамедовтың қолдауына ие болған іске тағайындалғанына көп уақыт болмаса да, құрылыс пен ұлық істі қатар алған аудан әкімінің орынбасары Ерлан Амандықов мұрындық болды. Аудандық бөлім, мекеме қызметкерлеріне нақ үлгі боларлық ізгілікке һәм аудан айнасын қолдауға ештеңе кедергі емес деген түйін шығады.

Ақтілек Әлібек,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале