Жәнібек аудандық "Кәусар" деструктивті діни ағымдардан қорғау және көмек көрсету орталығы" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Алматы қаласынан арнайы шақыртылған исламтанушы, теология ғылымдарының магистрі, Нұр-Мүбарак университетінің аға оқытушысы Серік Тәжібаев келіп, ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерімен семинар өткізді.
Ондағы басты мақсат - дәстүрлі исламға дұрыс көзқарас қалыптастыру. Жиынға қатысқандар ішінде аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиев, жастар ресурстық орталығының басшысы Мирас Иманғалиев діни тұрғыда сұрақтар қойып, исламтанушы тарапынан тұшымды жауаптар қайтарылды.
Гүлім Шамғонова,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz