11.04.2022, 17:00
Оқылды: 10

Ізденісте жүретін жан

Алма Бижанова жас та болса өз мамандығының шебері және өте тәрбиелі жан. Шыңғырлау аудандық мектептен тыс жұмыс орталығындағы өзі жетекшілік ететін «Алтын оймақ» атты үйірмеде оқушыларды қолөнерге баулиды. Педагогтың және оның оқушыларының қолынан шыққан дүниелер көздің жауын алатындай әсем және әр туындыларының өздерінің ішіне бүккен сыры бар. Тұмарлары мен түрлі материалдардан құрастырылған картиналарын тек ұзақ мән беріп қарау арқылы ғана түйсініп, түсінуге болады.

44

Алма – Ақжайық ауданының тумасы. Туған жері, ұшқан ұясынан жақсы тәрбие алған Алма Самиғоллақызы қазіргі кезде қайын атасы және қайын енесімен бір шаңырақ астында тұратын «сирек кездесетін» келіндердің бірі. Үлгілі жанұя Қарабалиевтер отбасында 7 жылдан бері келіндік қызметін абыроймен атқарып, алғысқа бөленуде. Жұбайы Нұрғали екеуі екі бүлдіршін тәрбиелеп отыр.

43

Әріптесіміздің үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуі, әрдайым көмектнсуге дайын тұратыны ұжым алдындағы беделін асқақтатпаса кеміткен емес. Қажет кезде өзінің ойын қосып, батыл пікірлер айта алатын бастамашыл жандардың бірі. Ұлттық қолөнердің таптаурын болған бағыттарын ғана пайдаланбай, үнемі ізденісте болып, әркез жаңа бағыттар, жаңа дүниелер жасауға ұмтылысы да бәрімізге үлгі боларлықтай. Кинусайга, пэчворк техникаларын шебер меңгеріп, оларды оқушыларға да үйретуде. Әріптесіміз Алмаға еңбегіне табыстар тілей отырып, туындылары үлкен көрмелерден көрініп, өнер биіктерін бағындыра беруін тілейміз!

Теміржан Бақытжанұлы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале