Өткен аптада Бөкей ордасы аудандық мәслихатының хатшысы Ерболат Таңатов «Қазақстан мәслихаттарының құрметті депутаты» төсбелгісімен марапатталды. Марапат иесіне төсбелгі мен оның атрибуттарын Орал қаласында өткен облыстық мәслихаттың кезекті ХХХҮІІІ сессиясында облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар табыстады.
Бұл – депутаттық қызмет пен жергілікті өкілетті органдарының жұмыстарын жетілдіруге қосқан сүбелі үлесі үшін берілетін марапат. Еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастап, басшылыққа дейін көтеріліп, елдің көркеюіне, шаруашылықтардың дамуына аянбай тер төккен Е.Таңатов оған лайық жан. Бұл күнде ол көп жылғы тәжірибесімен аудан қаржысының қалыптасуын, олардың мақсатты жұмсалуын әрі тиімді пайдалануын назарда ұстауда.
Раушан Жанатқызы,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер