Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында Жаңақала ауданында «Ашық әкімдік» бірыңғай қабылдау күні өтуде.
«Ашық әкімдік» шарасы барысында аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары және мекеме басшылары аудан тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізуде. Жиналған халық өздерін мазалаған сұрақтар бойынша жауапты мекеме басшыларына жазылып, жолығуда.
Нұргүл Елтайқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz