20.07.2024, 15:44
Оқылды: 176

Қабылтөбедегі қапшықтар жиналды

Тасқын кезінде қойылған бөгеттер желмен ұшып, ауыл сәнін құртатыны жасырын емес. «Жасыл ел» жасағы да алғашқы жұмысын Подстепный ауылындағы қапшықтарды тазалаудан бастады.

IMG-20240719-WA0040

Ал енді «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза жағалау» кезеңі Қабылтөбе ауылында жалғасын тауып, «Жасыл ел» сарбаздары мен Теректі ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері Жайық өзенінің аумағындағы су тасқынынан қалған бөгеттердің қалдық қаптарын жинады.

IMG-20240719-WA0039

Айта кетейік, акция жай өтіп жатқан жоқ. Апта сайын тазалық үшін ұмтылған теректіліктерді көреміз. Жастарға дұрыс жол сілтеп, жұмыла еңбек еткен ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері де жараған екен.

IMG-20240719-WA0034

Ақтілек Әлібек
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале