10.02.2026, 10:30
Оқылды: 8

Қадірлі кейуана торқалы жаста

Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі Саида Бркенова саналы ғұмырын ауыл шаруашылығы саласына арнаған тыл ардагері Дамет Алмағамбетованы 90 жасқа толуымен құттықтады. Өнегелі өмірі өскелең ұрпаққа үлгі болар торқалы тоқсан жасқа толып отырған мерейтой иесіне ізгі тілегін арнаған округ әкімі Саида Жұмайқызы қазақы дәстүрмен иығына камзол жауып, аудан әкімі Мұрат Өмірәлиевтің атынан құттықтау хат табыстап, сый-сияпатын ұсынды. 

WhatsApp Image 2026-02-10 at 11.19.50
1936 жылы Ново-Петровка совхозы (қазіргі Қарағаш ауылдық округі), Қарғалы ауылында дүние есігін ашқан ардагер Дәмет Алмағамбетованың балалық шағы Ұлы Отан соғысына тұспа-тұс келіп, өз қатарластары секілді қаршадайынан еңбекке араласып, бейнет пен тауқыметті бастан өткере жүріп Жеңісті жақындатуға үлесін қосады. Қарғалы ауылында ұзақ жыл жем тарту цехында, маусымдық ауылшаруашылығы жұмыстарында еңбек етіп, қажыр қайратын ауданымыздың дамуына арнап 1991 жылы зейнет демалысына шығады.
Бүгінде ұл-қызының қуанышына бөленіп, немере-жиендерінің ортасында торқалы жасын қарсылап отырған ардагерге мерейлі жасыңыз құтты болсын демекпіз!

Бақыт Баймағамбетова,
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале