Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласындағы басымдыққа ие ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында Қадыр Мырза Əли атындағы облыстық мəдениет жəне орталығының бастамасымен қолға алынған облыс аудандары суретшілері мен қолөнер шеберлерінің көрмесінің шымылдығын Бəйтерек ауданының көрмесі ашты.
Жаңа бастаманың ашылу салтанатын облыстық орталық директоры Бауыржан Халиолла кіріспе сөзбен ашып, алғашқы боп қолдау білдірген аудан әкімі Асхат Берлешұлына ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыс етті.
Сондай-ақ, көрмеде Қазақстан Суретшілер одағы БҚО филиалының төрағасы Қ.Оразғалиев, Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары К.Тұрлыбеков, Бәйтерек ауданының құрметті азаматы, белгілі ғалым А.Əйтімовтер сөз сөйлеп, жоба маңыздылығына тоқталып, көрме жұмысына сәттілік тіледі. Көрмеге қойылған бəйтеректік суретшілер мен қолөнер шеберлерінің туындыларымен Бәйтерек аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Е.Амангелдіұлы таныстырды.
Айта кетейік, биылғы жылдың алғашқы көрмесін тамашалаушылардың қарасы көп болды.
Ертай Бимұханов,
Бəйтерек ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер