Теректі ауылдық округіне қарасты Жайық ауылындағы негізгі мектепке жаңа ғимарат салынғанына он жылдың жүзі болды.

Кең де жарық су жаңа орынға орналасқан мектепте сапалы оқытуға жағдай жасалғанымен, бір «әттеген-айы» - су кіргізілмеген болатын. Соның салдарынан әжетхана да сыртта болды.
Жуырда бұл олқылықтың да орыны толды. Осы мектептің 2010 жылғы түлегі Қадыржан Ибрашев мектепке өз қаражатымен су құбырын тартып берді.

Енді әжетхана іске қосылып, ыссы және салқын суы бар жайлы орынға айналдық. Мектеп ұжымы, оқушылар мен ата-аналар көптен айтылып жүрген мәселені шешкен Қадыржан Әжіғалиұлына алғыс айтады.
Өзі білім алған алтын ұясына үлкен көмек жасаған азамат ауылдастарына да үнемі қарасып жүреді. Қайырымдылық, демеушілік көрсетуде алғашқылардың бірі болып келетін Қадыржан Әжіғалиұлына жерлестері риза.
Айсәуле Құмарғалиева,
Жайық НМ директоры
Теректі ауданы