8.08.2025, 17:30
Оқылды: 110

Қайшыдағы креатив - шеберлік пен стильдің үндестігі

 

Қазіргі таңда барберинг – тек шаштараз қызметі емес, бұл – өзіндік даралық пен шығармашылықты талап ететін өнер түрі. Осы салада еңбек етіп жүрген кәсіби маман, барбер Берік Қайырша – ауыл жастарына үлгі боларлық азаматтардың бірі. Ол заманауи стиль мен ұлттық ерекшелікті үйлестіре отырып, әр клиентінің бейнесіне сай ерекше образ қалыптастырады.

image-08-08-25-04-23-1

Бүгін Алма Оразбаева мектебінде Берік Қайырша өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, бұл саланың ерекшелігі, даму жолы, шеберлікке жетудің қыр-сыры жайлы әңгімеледі. Ол өз сөзінде әр клиенттің бейнесі мен талғамына қарай икемделіп, тек сәнді емес, ыңғайлы әрі үйлесімді образ қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

«Шаш қию – жай жұмыс емес, бұл – шығармашылық. Әр адамның бет пішіні, стилі, талғамы әртүрлі. Сол себепті әрбір жұмысқа жеке көзқараспен қараймын», – дейді Берік Қайырша.

Ол тек шаш қиюмен ғана шектелмей, заманауи барберингтің түрлі әдістерін меңгеріп, жастарға шеберлік сабақтарын өткізіп келеді. Тәжірибесін ұдайы жетілдіріп, сән әлеміндегі жаңалықтарды қалт жібермейтін барбер – ауыл жастары үшін үлгі боларлық азамат. Өзінің жұмысында тек классикалық стильдермен шектелмей, креативті образдар жасауға да ден қойған. Сондай-ақ, жасөспірімдер мен жастарға бағыт-бағдар беріп, өз кәсібін сүюге үйретіп жүр.

image-08-08-25-04-23-2

Берік Қайырша — ауыл ішінде сұлулық пен талғамның дамуына үлес қосып келе жатқан, қайшыны өнер құралына айналдырған шебер.

 

Гүлнұр Бөлешова,

Казталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале