28.02.2025, 17:15
Оқылды: 227

Қайта қылмысқа жол жоқ! 

 

10 – 23 ақпан күндері пробациялық есепте тұрған азаматтарды оңалту бағытында республикалық профилактикалық іс-шарасы өтті. 

PHOTO-2025-02-19-12-25-58

Сырым ауданында бұл тізімде 48 адам тұр. Аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, әділет майоры Нұржан Искариннің айтуынша, темір тордың арғы жағынан қалыпты өмірге оралған адамға жанұясының да, қоғамның да көмегі керек.

- Бір адамның қылмысынан тұтас қоғам зардап шегеді. Мақсатымыз - қайта қылмыстың алдын алу және жаңылыс басқан азаматтарды қоғамға қайта қосу. - дейді бұл туралы майор.

Сырым ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды тексеру барысында мобильдік топ құрылды. Мобильдік топ қатарында аудан прокуратурасының прокуроры, полиция бөлімі қызметкерлері, жастар ресурстық орталығы мамандары және пробация қызметінің инспекторлары бар. Тексерістер теріс жайттарды да анықтауда. Мәселен, бұрын сотталған, қазір пробация қызметінде есепте тұрған «А» есімді азамат түнгі уақытта үйінде болмаған. Ол үшін оған ескерту берілді. Мұндай шаралар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

Б. Шерім, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале