20.10.2022, 16:31
Оқылды: 52

Қайтарылған жер – жұмыс істейтіндерге берілу керек

Бүгін Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев, «AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының мүшесі, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы - комиссия төрағасының орынбасары Нұрболат Әбдірешев, аудан прокуроры Сәкен Молдашев және «SHOPAN ATA» қауымдастығы Жәнібек аудандық филиалының төрағасы Бауыржан Сабанов, аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ринат Рахимов Ұзынкөл ауылдық округінде болып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

17

Кездесуді ашқан Нұрболат Зұлыпқарұлы негізгі мақсат - мониторинг жүргізу арқылы пайдаланылмай жатқан және ҚР заңнамасын бұза отырып, пайдаланылып жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді анықтап, мемлекет меншігіне қайтару екендігін атап өтті.

18

- Қазіргі кезде мал шаруашылығындағы өзекті мәселенің бірі - жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі. Ауыл, елді мекендерді аралап, түсінік жұмыстарын жүргізіп келеміз. Осындай түсінік жұмыстар мен тұрғындардың көмегінің арқасында, қазіргі уақытта 6482 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Ұзынкөл ауылында үш қожалықтың жері болғанмен малы жоқ екен. Сол себепті ол жерлер пайдаланылмаған болып есептеледі, - деді Н.Әбдірешев өз сөзінде.

19

- Болашақта жер жетпейді. Енді біздер сапаға көшу керекпіз. Ауыл азаматтары, ауыл әкімі болып кездесіп, барлық мәселені шешіп, сотқа дейін жеткізбей жерді пайдаланбайтын азаматтарға оны кері қайтарту керекпіз. Қайтарылған жерлер жұмыс істейтіндерге берілу қажет, - деді Бауыржан Қанатұлы.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале