29.08.2025, 0:00
Оқылды: 394

Қайтарымсыз грант – жаңа кәсіпке қолдау

21 мамырдан бастап Business.enbek.kz порталында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз мемлекеттік грантқа өтінімдер қабылдау басталған болатын. Бұл – өз кәсібін енді бастаған жандарға берілетін үлкен мүмкіндік.
image-28-08-25-06-12
Жаңақала ауданы бойынша І лекте барлығы 29 өтінім қабылданып, оның 13-і мақұлданды. Грант көлемі – 400 АЕК немесе 1 572 800 теңге. Ол жаңа кәсіп бастауға және дамытуға бағытталып, қайтарымсыз түрде беріледі. Әр үміткер мұндай қолдауды өмірінде бір-ақ рет ала алады.
image-28-08-25-06-12-1
Бүгін «AMANAT» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында ІІ лек бойынша өткен кезекті комиссия отырысында 17 өтінім қаралды. Нәтижесінде 10 азаматтың ұсынысы оң шешімін тауып, қайтарымсыз грант иегері атанды.
Бұл бастама – кәсіпкерлікке бет бұрған азаматтарға үлкен демеу ғана емес, ауданның экономикалық белсенділігін арттыратын нақты қадам.
Сыйлыхан Жұмасалық
Жаңақала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале