10.05.2022, 8:45
Оқылды: 54

Қайыңдыда бау-бақша өнімдері егілмек

Казталов ауданына қарасты Қайыңды ауылдық округінде бау-бақша өнімдерін егу мақсатында жер жырту жұмыстары жүргізілуде. «Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында атқарылып жатырған жұмысты «Нұр Досхан» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жүргізуде. Бұл туралы Қайыңды ауылдық округінің әкімі Айбол Ғұбашев айтып берді.

IMG-20220508-WA0067
- Биыл Қайыңды ауылдық округінің әкімшілігінің ұсынысымен Қайыңды ауылының тұрғыны, «Нұр Досхан» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы Нұрлан Досаханов есімді азамат «Алау» жазғы лагері маңында 2 гектардан астам жерді жырту жұмыстарын жүргізуде. Алдағы уақытта жыртылған жердің 1 гектарына картоп, ал қалған бөлігіне қызанақ, қияр, асқабақ, пияз сынды бау-бақша өнімдерін егу жоспарланып отыр. Айта кету керек, өткен жылы Нұрлан Досаханов ауыл тұрғыны Жарас Абдрахмановпен бірге «Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында 100 түп алма терегін отырғызған болатын. Қазіргі уақытта деректер өз өнімін беруде, - деді округ әкімі.

IMG-20220508-WA0068
«Нұр Досхан» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 2017 жылы құрылып, селекциялық жұмыстармен айналысып келеді. Кооператив құрамында 104 шаруа бар. Ағымдағы жылы бау-бақша өнімдерін егуді қолға алып, округ тұрғындарын жергілікті өніммен қамтамасыз етпек.

«Ауыл айнасы» ақпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале