21.06.2023, 14:31
Оқылды: 40

Қайыңдыда «Қазақ радиосы» сайрап тұр

Бүгінгі күнде радионың алар орны ерекше. Радио - өз бағдарламасында қысқа да нұсқа жаңалықтарымен, адам көңілін жадыратар ән-күйлерімен, рухани бағыттағы әңгімелерімен маңызды. Радио тыңдаушыларға көгілдір экранға үңілгендей уақыт кетірудің қажеті болмайды. Былайша айтқанда радио - қандай ма уақытта да тыңдауға ыңғайлы.

355453472_702790565190505_4831996796433046317_n

Қазір түрлі кеңселерге немесе үйлерге бара қалсаңыз ғаламторға шырмалып отырған адамдарды көреміз. Ал жәй дыбысқа қойылған қазақ радиосы жұмыс орындарында немесе үйлерде сөйлеп тұрса ұлттық құндылығымыз арта түсер еді.

Сөзімізге дәлел, Қайыңды ауылының көшесінде «Қазақ радиосы» сайрап тұр. Ұлтымыздың қадір-қасиетін, асқақ мұратын, бүкіл мәдениет мәйегін тынбастан насихаттап келе жатқан «Қазақ радиосы» ауыл тұрғындарын рухани азықтандырып отыр деп айта аламыз.

InShot_20230621_111032233

Осы радиодан таралып жатқан имандылық тәрбиесі жас ұрпақтың бойына сіңері анық. Радионың дыбыс күшейткіш құралын ауыл әкімі Айбол Ғұбашев өз қаражаты есебінен сатып алса, рупрды 10 жылдық мектеп түлектері сыйға тартқан.

Айта кету керек, «Қазақ радиосы» ауданның Қошанкөл, Талдықұдық, Талдыапан, Бостандық ауылдарында қызмет етіп тұр. Көктерек ауылдық округі құралдарын орнатып жатыр.

Қаражат жоқ, иә басқа сылтауды айтпай осыны ұйымдастырып отырған ауыл әкімдерінің еңбегі зор.

 

Әсем Болат,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале