10.08.2023, 18:00
Оқылды: 38

Қайыңдыда мәдениет үйі бой көтереді

Казталов ауданының Қайыңды ауылдық округінің тұрғындары көтеріп жүрген мәселелердің бірі – ауылға жаңа мәдениет үйін салу. Халық айтты, сең қозғалды. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, Қайыңды ауылында 150 орындық мәдениет үйі салынбақ.

казталов м (1)

Аудан әкімі Асланбек Сарқұлов Қайыңды ауылына жұмыс сапарымен барып, мәдениет үйінің құрылысына жауапты мердігермен және техниқалық қадағалаушы компания өкілдерімен кездесті. Құрылысты «ДаренСтройСервис» ЖШС жүргізеді.

казталов м (7)

- Қазіргі таңда біз нысанды байланыс желілерімен қамтамасыз ету мақсатында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Содан соң құрылысты бастаймыз. Бүгінде құрылыста бес адам жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта 10 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Құрылысқа қажетті жабдықтар мен техникалар әзір. Қараша айына дейін ғимараттың іргетасын құйып, кірпішін қалап, төбесін жабуды жоспарлап отырмыз, - деді учаске бастығы Нұрлан Әуесбаев.

казталов м (3)

Мәдениет үйінің ішінде концерт залы, кітапхана орналасады. Тіпті бірқатар үйірме халыққа қызмет көрсетеді деп жоспарланып отыр. Аудан әкімі мердігерге және техникалық қадағалушыға құрылысты уақтылы жүргізіп, сапаға мән беруді тапсырды.

Қайыңдыда атқарылып жатқан ілкімді істер аз емес.

- Биыл саябақ толық абаттандырылмақ. Абаттандыру жұмысын арттыру мақсатында мамыр айында ауылдағы орталық көшеде жасыл желектер қоршалған болатын. Қыркүйек айында тағы бір көшеге терек отырғызылып, қоршалмақ. Қайыңдыдағы техникалық су мәселесі де оң шешімін тауып жатыр. Қазіргі таңда ауылда тозығы жеткен техникалық су құбырларын қайта жөндеу жүргізіліп жатыр. Техникалық су мәселесі шешімін тапса ауыз суға да үнем болары хақ. Ауылдағы ағайын мал азығынан да тапшылық көріп отырған жоқ. Елдегі шаруа қожалықтар бір бума мал азығын 5000 теңгеден сатып, ауылды шөппен қамтамасыз етіп отыр. Шөп шабу және жинау науқаны әлі де қызу жүріп жатыр, - деді округ әкімі Айбол Ғұбашев.

Асылбек Нәсіпқалиұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

казталов м (2) казталов м (4) казталов м (5) казталов м (8) казталов м (9)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале