5.05.2025, 17:30
Оқылды: 343

Қайырымды жан сыйлық жасады

Биыл Жәнібек аудандық мұсылмандар мешітінің негізі қаланғанына 30 жыл толып отыр.

495841987_1292613876201617_2083684824227730768_n

1993 жылы сол кезде аудан әкімі болған Самиғолла Оразовтың тікелей басшылығымен және аудандық мұсылмандар қоғамының төрағасы Зұлпықар Әбдрешевтің қолдауымен мешіт құрылысы басталып, 1995 жылдың аяғында пайдалануға берілген. Атаулы датаға орай жүрегі кең, жомарт жан мешітке құны 1 млн 500 мың теңге көлемінде тұратын аспалышамды сыйға тартты. Алла қаласа, 28 шамы бар хрустальді аспалышам 100 шаршы метр жерді жарықтандыратын болады.

495624974_1292613859534952_4794719451081464089_n
Үлкен сый жасаған, есімін жасыруды өтінген қайырымды жанға мешіттің бас имамы Есенболат қажы Абуғалиев өз алғысын білдіруде.

Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале