Бүгін «Мейірбандық күндері» қайырымдылық айлығы аясында қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күніне және «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің 85 жылдығына орай Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Алтын сарай» мейрамханасында мүгедектігі бар адамдарға дастарқан жайылды.
«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Садуохас Болатұлы мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бөлімше меңгерушісі Айнұр Алпысқызы құттықтау сөз сөйледі.
Жиынға келген І, ІІ, ІІІ топ мүгедектігі бар адамдар дәмнен ауыз тиіп, ән айтып, би билеп, көңілді отырыс болды.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», -дейді қазақ. «Алтын сарай» мейрамханасының басшысы Жанаргүл Қадыралиева мүгедектігі бар адамдарды қолдау мақсатында арнайы дастархан жайып, демеушілік жасап, белсенділік танытты.
Осы орайда Ж.Нұрымқызына «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы М.Қадырбековтың, «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Жаңақала филиалының уәкілі С.Еслямғалиевтің және Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Е.Сапаровтың алғысхаты табысталды.
Ауданда биылғы жыл «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің 85 жылдығына орай І, ІІ, ІІІ топ мүгедектігі бар адамдар көз ауруы арасында шахмат, дойбы спорттық ойындардан шара өткізуге ат салысқан аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Д.Мұқашеваға және 25 мүгедектігі бар адамдарға қайырымдылық жасап, демеушілік танытқан Ж.Нұрымқызына С.Болатұлы ризашылығын, алғысын білдірді.
Шара соңында ұйымдастырушылар сыйлықтарын ұсынып, естелік суретке түсіп, тамаша көңіл-күймен тарқады.
Арайлым Айденова,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz