23.02.2022, 23:59
Оқылды: 32

Қайырымдылық кеші өтті

Бүгін Казталов ауданы С.Садықов атындағы аудандық мәдени-демалыс орталығында Қуат Ахметовтың «Елімнің тыныштығын ойлаймын мен» атты жеке шығармашылық кеші өтті.

IMG-20220223-WA0079

Кеңес дәуіріндегі Отан қорғаушылар күніне орай өткен мерекелік кешке аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Берік Рахымғалиев, Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Ғалымов қатысты.

IMG-20220223-WA0085

Қуат Ахметовтың шығармашылық кеші қайырымдылық жасау мақсатында ақылы түрде ұйымдастырылды. Ол 1985 жылы А.Оразбаева орта мектебінің табалдырығын атап, 1995 жылы 11 жылдық  сыныбын аяқтаған. Шығармашылық кешін Казталов ауылында беруінің де сыры осында. Қуат Иркетанұлының «Сүйгенім», «Достарым», «Это время», «Көк  теңіз жағалауы», «Казталовка» , «Естелік» , «Жалған өмір»,  «Одноклассники», «Той жыры», «Қазақ елі», «Алеся» , «Сарбаздар», «Ерлік,Міндет,Абырой», «Жәнібек», «Теңіз вальсі», «Сержанттар», «Батыс», «Елімізді қорғаймыз біз» атты әндері облыстық, республикалық радиоларда, телеарналарда шырқалған.

IMG-20220223-WA0082 Шығармашылық кешінде Қуат Иркетанұлының қызы, Қайрат Абдулов, Санжар Аюпов өнер көрсетті.

IMG-20220223-WA0078

Қайырымдылық кешінде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Берік Рахымғалиев Қуат Иркетанұлын шығармашылық кешімен және Кеңес дәуіріндегі Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, аудан әкімінің алғыс хатын табыс етті. Кеште жиналған қаражатты Қуат Ахметов ауданымызда қайырымдылықпен айналысып жүрген тілші Жұлдыз Асқарқызына табыстады.

Бекарыс Әбіш,

Казталов ауданы 

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале