Халқымыздың ізгі насихаттау мақсатында еліміз бойынша бекітілген «Наурызнама» онкүндігі аясында Қазақстан халқы «Қайырымдылық» күнін атап өтіп жатыр.
Бұл күн еліміздің халқын мейірімділік пен татулыққа шақырады. Кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлылық көрсету қол ұшын созу – қазақтың қанында бар қасиет. Наурызды мерекелеу кезінде бұл қасиеттерді барынша кеңінен насихаттау, оның қадірін арттыру аса маңызды.
Мерекеге орай Казталов ауданындағы бөлім, мекеме ұжымдары және округ әкімдіктері көпбалалы, аз қамтылған, мүгедектігі бар отбасыларға Наурыз қоржындарын сыйға тартты. Атап өтсек ауданымыз бойынша 37 отбасыға Науырыз қоржындары таратылды.
Нұр Рахман
Казталов ауданы