17.10.2022, 11:30
Оқылды: 29

Қайырымдылық турнирі

Өткен аптада Қаратөбе ауданы Соналы ауылында ауыр дертке шалдыққан Жансая Қамбетованың еміне көмектесу мақсатында шағын футболдан ашық турнир өтті. турнир

Соналы ЖОББМ-ның ұйымдастыруымен өткен турнир жастарды адамгершілік қасиеттерге баулу, қайырымдылық жасау арқылы көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беру мақсатында өтті.

Шарада Соналы ЖОББМ-ның директоры Еркінғали Қуанғалиұлы сөз алып, командаларға сәттілік тілеп, жарыс қатысушыларына алғысын жеткізді.

Турнирге 6 команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жарыс қорытындысында «Қалдығайты» құрамасы жүлделі І орын алды. Ал, «Бірлік» құрамасы ІІ орын алса, ІІІ орын «Аралас» командасына бұйырды.

Қайырымдылық шарасына «Мақсат» шаруа қожалығының жетекшісі Ғабит Маханов, ауыл азаматы Ерік Қайсаров және мектептің 2004 жылғы түлектері қолдау көрсетті.

Райымбек Абай,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале