18.10.2023, 23:05
Оқылды: 68

Қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды 

Қазан айы – қайырымдылық айы болғандықтан, ай бойы шаралар легі жалғасын табуда.

Соның ішінде дәстүрге сай Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен "Мейірбандық күндері" айлығы шеңберінде ерекше күтімді қажет ететін жандардың қолынан шыққан бұйымдар қайырымдылық жәрмеңкесіне "жол тартты".

IMG_1529

Жәрмеңкеге аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов қатысып, бұйымдармен танысты.

IMG_1532

Аталмыш шараға 17 ерекше жанның 90-ға жуық бұйымдары қойылды.

IMG_1528

Оның ішінде, түрлі тастардан жасалған қазақы әшекейлер, тоқылған киім-кешек, бұйымдар, қазақы бас киімдерден бөлек, электронды жарнама, күміс қолғаппен жасалатын биоэнергиялық массаж құрылғысын да айта кету керек.

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале