13.06.2022, 15:45
Оқылды: 43

Қайырымдылыққа арналған турнир

Таяуда Жәнібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жас спортшы, ауыр сырқатқа шалдығып, күрделі ота жасату үшін қаражатқа зәру болған Нұрхат Қалдыбаевты қолдау мақсатында шағын футболдан қайырымдылық турнирі өтті.

25

Турнирге әр команда жарна төлеп қатысты. Спорттық шарада 8 команда бақ сынады. Жарыстың нәтижесінде бірінші орынды «Қайрат» шекара бөлімшесі, екінші орынды Жақсыбай командасы, үшінші орынды Қамысты командасы алды. «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік ойыншы» аталымдарымен тиісінше Асылхан Мұстафин, Қайрат Сәбитов, Ернар Исмайлов, Төрехан Хисметов марапатталды. Мешіт жамағаты, «Элита», «Барыс», «Ер Тарғын», «Шекарашылар» командалары белсенді қатысып, әдемі ойын өрнегін көрсетті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломмен марапатталды. Қайырымдылық шарадан жиналған қаржы Нұрхат Қалдыбаевтың шотына аударылды.

Л.Халина,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале