Жақында облысқа кеңінен танымал ардагер журналист Қайыржан Хасановтың «Бисеғұл ұста» атты кітабы жарық көрді.
Кітапта темірден түйін түйген атақты Бисеғұл ұстаның шеберлігі туралы жазылған.
Сонымен қатар аталмыш кітапта Алаша жайлы үлкен шежіреден қысқаша түсінік, Алашадан шыққан батырлар мен жыраулар, шеберлер, Шалғын ауылының «Шалғын» аталуы туралы қысқаша дерек, ханкөлдік ақсақалдардың әңгімелері жарық көрген.
Ерболат РАЙСОВ,
Қаратөбе ауданы