5.08.2020, 16:06
Оқылды: 75

Қайыржан Хасановтың жаңа кітабының таныстырылымы онлайн форматта өтеді

Белгілі батысқазақстандық өлкетанушы, журналист, шежіреші, ақын, Қаратөбе ауданының құрметті азаматы Қайыржан Хасановтың «Ауыл тарихын зерттеген Аман» атты кітабы жарыққа шықты. «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» деген осы!

F4199F3D-A7B2-4B03-908A-3305A3A34A1D

Бұл кітапта Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Үшана ауылындағы Берқайыр Аманшин атындағы орта мектепте көп жыл ұстаздық еткен география пәнінің мұғалімі, өлкетанушы, қазір зейнеткер Аман Жүсіпқалиұлы жайлы баяндалады.

Бұл кітапты автор 2017 жылы Аман Жүсіпқалиұлының 75 жасқа толу мерейтойына орай дайындап, жазған еді. Өкінішке орай, автор 2018 жылы бақилық болып, кітаптың жарық көруі 2020 жылға бұйырған екен.

Бұл қолжазбаны редакциялап, баспаға дайындаған Ербол Аманұлы мен Нұржан Қайыржанұлы.

- 2015 жылы тамыз айында Қайыржан тәтем Үшана ауылына Аман ағайға, құрдасына арнап барған-ды. Сонда ұзақ әңгімелесіп отырды. Тәтем мен Аман ағай екеуінің сыйластығы ерекше еді, әрдайым жылы сөйлесіп, тың жаңалықтармен бөлісіп отыратын. Осы кітап сол сыйластықтық жалғасы деп ойлаймын.

Біз бүгінгі таңда Қаратөбе ауданының басшылығымен келіссөздер жүргізудеміз. Онлайн форматта кітаптың тұсаукесер рәсімі өтеді деген ойдамын, - дейді Қ.Хасановтың кенже ұлы Нұржан Хасанов.

- Өмір бар да, өлім бар. Амал не, жазмыштан озмыш жоқ. Қайыржан атамыздың жазған еңбектері мәңгі есімізде. Жатқан жері жайлы болсын!

Ұлы есімді өшірмейтін Рысты әжеміз, балалары Нұржан мен Ғабит Хасанов

ағаларыма әулетіміздің атынан алғысымызды айтамыз. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз.

Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты – тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Әке жақсылығы қырық жыл азық болады» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні – әке жолымен жүру. Ардақты ұстаз – аяулы атамның осы күнге дейінгі еңбектері туралы, жүріп өткен жолдары еңбектенген зерттеулері туралы және әуелетіміздің тарихы жайлы кітап болып шыққаны ұрпақ үшін қуаныш, мақтаныш, - дейді Аман ақсақалдың немересі Дулат Жүсіпқали.

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале