10.10.2025, 21:00
Оқылды: 471

«Қаладан – ауылға»: ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Казталов ауданының әкімдігі мен «AMANAT» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы арасында «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасын іске асыру жөнінде өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

IMG-20251010-WA0018

Маңызды құжатқа Казталов ауданы әкімінің орынбасары Серік Ерболатұлы Қайрлиев және «AMANAT» партиясының БҚО филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Афиза Болатқызы Семғалиева қол қойды.

Меморандумның басты мақсаты – ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдау, қала тұрғындарын ауылға көшуге ынталандыру, сондай-ақ оларға тұрғын үй мен тұрақты жұмыс көзін ұсыну.

IMG-20251010-WA0021

Жоба аясында аудан әкімдігі ауылға қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз етіп, оларды жұмыспен және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтуға міндеттеледі. Ал «AMANAT» партиясы тарапынан ақпараттық қолдау көрсетіліп, көшіп келген отбасылардың әлеуметтік бейімделуі мен тұрмыс жағдайы қоғамдық бақылауда ұсталады.

Жиын барысында Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Анаргүл Сисенова қала тұрғындары арасында жобаны кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.

IMG-20251010-WA0019

«Қаладан – ауылға» жобасы – елді мекендердің әлеуетін арттыруға, ауыл өміріне жаңа серпін беруге бағытталған бастама. Бұл ынтымақтастық ауылдарда еңбек етемін деген жастарға жаңа мүмкіндіктер ашып, өңірдің тұрақты дамуына өз үлесін қоспақ.

Нұр Рахман

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале