24.07.2020, 14:32
Оқылды: 70

Қаламгерге құрмет көрсетті

24 шілде күні Жаңақала ауданы әкімі Наурызбай Қарағойшин Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ақын-журналист Закария Сисенғалиды 63 зейнеткерлік жасқа толуына орай арнайы қабылдап, құрмет көрсетті.

1519AD04-A469-46FB-96AD-209C9EF3DD4F

Аудан басшысы ақынды мерейлі жасымен құттықтап, өлең өлкесінде жыр маржанын теріп, сөз қадірін кейінгі жас ұрпаққа ұғындыра беруіне тілектестігін білдірді. «Сіз туған жерден табан аудармастан елде жүріп, еңбек еттіңіз. Осы елдің жағдайын, тұрмыс-тіршілігін қарымды қаламыңыз арқылы тамыршыдай дөп басып отырасыз. Аудан тарихына қатысты қаншама жинақ кітап шығардыңыз. Әнге жазған өлеңдеріңіз де бүгінде қазақ халқының жүрегінен ойып тұрып орын алды. Сондықтан да сіз жерлестеріңізге қадірлісіз. Жерлестеріңіз сізбен мақтанады. Күнделікті өмірге, заманның ағымына белсенділікпен атсалысып жүресіз. Сіздің өлеңдеріңіз бен мақалаларыңызды газет беттерінен әркез оқып отырамыз. Әсіресе, елге, Отанға арнап жазған жақұт жырларыңыз жас ұрпақты патриоттыққа, ұлтжандылыққа, өз елін сүйіп, қадірлеуде орны бөлек. Ғұмыр жасыңыз ұзақ, отбасыңыз аман болып, немерелеріңіздің қызығын көріңіз», - деп тілек айтқан Наурызбай Қадырбайұлы әңгіме арасында Закария Жүсіпқалиұлының Жаңақала ауданының тарихын түгендеуде атқарған еңбегі ұшан-теңіз екенін тілге тиек етті. Одан әрі аудан әкімі Н.Қадырбайұлы З.Жүсіпқалиұлының иығына ұлттық нақыштағы шапан жауып, аудан жұртшылығының атынан құттықтау хатымен қатар, Ауыл шаруашылық салалық кәсіп одақтың I дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісін табыс етті.

BF9D3301-7C88-4F60-BC8E-CBDA11E419E4

Қабылдауда Закария ағамызды үзеңгілес қызмет еткен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Шапихов, Жаңақала ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғинаят Валиев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Саматов сынды азаматтар құттықтап, естелік әңгіме өрбітіп, жақсы лебіз, ізгі тілектерін білдірді.

Өз кезегінде ақын-журналист Закария Жүсіпқалиұлы тебіріне сөз сөйлеп, қабылдап, құрмет көрсеткені үшін аудан әкімдігіне алғысын білдірді.

Алтынбек Серікқалиұлы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале