20.10.2022, 21:14
Оқылды: 54

Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

Бүгін Жәнібек ауданы әкімі Азамат Сафималиев Жақсыбай ауылдық округіне барып, көктемдегі су тасқыны кезінде зардап шеккен су өткізу құбырлары, тұрғын үйлер және жаяу жүргіншілерге арналған өткелді қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысып қайтты.  

1817c54a-c647-4a46-983e-7a66e5070e74

Су өткізу құбырларын қалпына келтіруді қолға алған мердігер «Брат М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі келісімшарт бойынша желтоқсан айының 28-іне дейін 9 су өткізу құбырын жөндеуі керек. Қазіргі таңда жоспарға сай жұмыс жасалып жатыр.

Сонымен қатар ауылда салынып жатқан 7 тұрғын үйдің қабырғалары қаланып, төбелері жабылып, терезелері орнатылған. Ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. 

cb597c4d-226b-4312-84d2-74123cb1acbb

Жаяу жүргіншілерге арналған өткелді қалпына келтіруге аудан бюджетінен 2 миллион теңге бөлініп, өткелге қажетті жабдықтар сатып алынған болатын. Бүгінде ауыл әкімдігінің ұйымдастыруымен өткел қалпына келтіріліп, қолданысқа берілді. Бұл өткел ауыл тұрғындары үшін маңызды  нысандардың бірі болғандықтан, жөндеу жұмыстарынан кейін ауыл халқы ризашылықтарын білдіріп жатыр. 

959121b1-fa11-4a58-b160-9fb1f0bfc46a

Бақытжан Серіков,

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале