3.04.2025, 20:00
Оқылды: 91

Кәмілетке толмағандардың тәрбиесі – басты назарда

Бүгін Тасқала аудан әкімдігінің мәжіліс залында Тасқала ауданы әкімдігі жанындағы кәмілетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

IMG_4336
Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы Саягүл Галиеваның төрағалығымен өткен жиынға Батыс Қазақстан облысы жанындағы кәмілетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде құқықбұзушылықтарға бейім отбасылармен жұмыс істеу, өмірлік қиын жағдайға душар болған отбасыларды оңалту мәселесі қозғалып, бұл жөнінде Тасқала аудандық отбасын қолдау орталығы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Тастемірова мен аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Арман Жұбатов және аудандық білім беру бөлімінің басшысы Айгүл Касимова баяндама жасап, атқарылған жұмыстармен таныстырды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе мектептер мен балабақшаларда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру бойынша аудандық білім беру бөлімінің басшысы Айгүл Қадырбайқызы таныстырып, алдағы уақытта Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептен инклюзивті кабинет ашуды жоспарлап отырғанын тілге тиек етті.
Сондай-ақ, комиссия отырысында кәмілетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу бағытында қолға алынған шаралар мен жасөспірімдер арасында жүргізілген жұмыстар сараланды. Бұл жөнінде Тасқала аудандық колледжінің директоры Данияр Дүйсенғалиев пен аудандық білім бөлімінің басшысы Айгүл Касимова баяндады. Суицидтің алдын алу бағытында комиссия мүшелері өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, ойларын білдірді.
Содан соң облыстан келген комиссия мүшелері балалардың суицидтік мінез-құлқының алдын алу жөніндегі аудандық комиссия жұмысының жай-күйін зерделеу мақсатында аудандық аурухана мен Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінде және отбасын қолдау орталығы мен спорт кешенінде болып, жұмыстармен танысты. Комиссия отырысында көтерілген мәселелер бойынша облыстық комиссия өз ұсыныстарын білдіріп, тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді және комиссия жұмысына оң бағасын берді.
Бүгін біз БҚО әкімдігі жанындағы балалар құқығын қорғау және құқықбұзушылықтың алдын алу комиссиясы аудандардағы балалар құқығының қорғалуы, сондай-ақ, баланың бос уақытының тиімді ұйымдастырылуы, әсіресе қолайсыз отбасы балаларының үйірмемен қамтамасыз етілуі, білім алуына байланысты комиссия мүшелерімен бірігіп аудандарды аралаудың кешенді жұмыстарын бастадық. Біздің мақсатымыз Президенттің тапсырмасына сай жоспарлы түрде «біртұтас тәрбие» жобасы аясында барлық мектептегі білім алушы балалардың жағдайына көңіл бөлу және олардың дауысына құлақ асу болатын. Бүгін Тасқала ауданында болып жағдайды өз көзімізбен көрдік. Жоспарланған жұмыстар уақтылы жасалған-дейді, БҚО бойынша балалар құқығын қорғау жөніндегі өкілі Шаттық Утебалиева.

Гүл Нұр
Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале