Теректі ауданы орталығында әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтті.
Қазан айының соңғы жексенбісінде аталып өтетін бұл кәсіби мереке мүмкіндігі шектеулі адамдар, жалғызбасты қариялар, көмекке зәру азаматтарға қолұшын беретін абзал жандарға арналған.
Біздің ауданда әлеуметтік қорғау «Теректі ауданының әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімі» ММ арқылы атқарылады. Бөлім құрамы толықтай нәзік жандылар. Олар өзгенің көмегі мен қамқорлығына мұқтаж болған жандармен біте қайнасып қызмет жасайды. Күнделікті тұрмыс-тіршілігіне араласады. Қамкөңіл жанның қиындығын бөліседі.
Әлеуметтік қызметкерлер құрметіне ұйымдастырылған салтанатты шараға арнайы келген Теректі ауданы әкімінің орынбасары Дамир Гумаров, Теректі ауданының әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімі Арайлым Тасенова мақтау мен мадақтауға әбден лайық жандарды марапаттады.
Атап айтсақ, осы саланың облыстық және аудандық кәсіподақ комитеттері М.Құттыбаева, Е.Шұғайыпова, М.Насырова, М.Бөлековаға жолдаған алғысхаттары иесін тапты.
Аудан әкімінің орынбасары Д.Гумаров Э.Елжанова, Ә.Сенғалиева, И.Сатаева, Ж.Галиева, С.Абдрахманова, С.Титова, А.Рахмешова, Л.Жексенованы марапаттады.
Теректі ауданының әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімі басшысы А.Тасенова А.Нұртазина, Қ.Тұрдығұлова, Н.Сергеец, К.Кабышева, К.Боранова, С.Хален, Р.Головеря, К.Хайруллина, М.Базарбаева, Б.Душаева, А.Губаева, А.Хамсинаға алғысхат табыс етті.
Құттықтаудан қамқорланушылар да қалыс қалмады. Өз қолдарынан шыққан қолөнер бұйымдарының көрмесін жайып, әлеуметтік қызметкерлерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Тамара Жұмат,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz