8.08.2022, 15:15
Оқылды: 44

Қан тапсыруға келесіз бе?

Бүгін Жәнібек аудандық ауруханасына облыстық қан орталығының қызметкерлері келді. Аталмыш орталықтың дәрігері Нұрболат Дүйсенғалиевтің айтуынша, қан алу екі күнге созылады.

20220808_094043

-  Бүгін жоспарға сай Жәнібек ауданына келіп, өз еріктерімен келіп жатқан донорлардан қан алуды бастап кеттік. Қан алу екі күнге созылады. Одан кейін ауданға қарасты ауылдық округтерге кетеміз. Былтыр аудан бойынша барлығы 200-ге жуық тұрғын қан тапсырған. Солардың ішінде 134 тұрғынның қаны сапалы болды. Тізімдегі тұрғындарды биыл кері шақырттық. Қан тапсыру үрдісін 2 ай сайын қайталап тапсыруға болады. Қан тапсырылғаннан кейін қою және сұйық деп екіге бөлінеді. Қою қан 42 күннің ішінде адам ағзасына құйылады. Ал сұйық қанды (плазма) 4 ай сақтауға мүмкіндік бар. Қан орталығының қызметкерлері кешкі сағат тоғызға дейін жұмыс жасайды. Жұмыстан кейін де келіп тапсыруға болады, - деді Нұрболат Тауасұлы.

Сонымен қатар биыл медқызметкерлер алғаш рет Тау, Ақоба, Қамысты және Жақсыбай ауылдық округтеріне 10-13 тамыз күндер аралығында баруды жоспарлап отыр.

Қан орталығының мамандары дені сау аудан тұрғындарын игілікті шарадан шет қалмай, өз еріктерімен келуге шақырады. Дәрігерлердің айтуынша, қан тапсыруға келердің алдында майлы және ащы тамақ жемеу керек.

Лаура Қайратқызы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале