12.02.2026, 9:30
Оқылды: 11

Қар суынан қайықпен өткен күндер есімізде

Көктемгі тасқынның бір себепкері - қар суы. 2024 жылы жымпитылықтар қар суынан қайықпен өткенін ұмытпаған шығар. 

PHOTO-2026-02-11-15-27-47

Сырым ауданында сақтық шаралары сәл ертерек, ақпан айында басталды. Себебі, табиғаттың сыны мен сабағы есімізде.

Қазіргі уақытта Жымпиты ауылының аумағында қар шығару және арықтарды, шүмектерді, су жолдарын тазалау жұмыстары жоспар бойынша жүргізілуде.

PHOTO-2026-02-11-15-27-47 (1)

Арнайы техникаларда дамыл жоқ. Сала мамандарының айтуынша, жұмыстарға - 2 тиегіш, 1 бульдозер және 3 «КамАЗ» жүк көлігі тартылған. Техника толық көлемде жұмыс істеуде.

Күніне орта есеппен 480 текше метр қар шығарылады.

Жымпиты ауылдық округі әкімдігінің мәліметінше, бүгінгі күні Ә. Молдағұлова, М. Маметова, С. Датов көшелерінің қары алынды, ендігі кезек Жымпитының қар ұстайтын қалқаны - Қ. Сүйірбаев көшесіне тиіп тұр.

PHOTO-2026-02-11-15-27-46

Бұл жұмыстар бір жағынан көктем кезінде су басу қаупін болдырмау үшін керек, бір жағынан ауылішілік жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау мақсат етілген.

Тасқын тұрғын таңдамайды. Аулаңызды, үйдің айналасын  қарларды тазалап, қарлы арнайы техникаларға алуға ыңғайлы етіп жинап қам жасаңыз, ауылдас!

 

Қоңдыкер Жеңісұлы,

Сырым ауданы  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале