5.08.2021, 15:17
Оқылды: 54

Қарасора еккен азамат ұсталды

Бәйтерек ауданында нашақорлықтың алдын алу, есірткінің таралуына жол бермеу мақсатында «Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті.

опм

Профилактикалық шара барысында арнайы құрылған жұмыс тобы бекітілген жоспарға сәйкес азаматтарды тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерді. Нәтижесінде Приурал полиция бөлімінің қызметкерлері Дариян ауылдық округінің 47 жастағы тұрғыны өз ауласында егуге тыйым салынған өсімдікті заңсыз өсіретінін анықтады.

– Дарияндық тұрғынның жеке учаскесінен қарасораның 4 бұтасы тәркіленіп, тиісті сараптама тағайындалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігі "Құрамында есірткі заттары бар, егуге тыйым салынған өсімдікті заңсыз өсіру" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіргені және есірткіні таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Азаматтарды зиянды әдеттерден бас тартуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз, – дейді аудандық полиция бөлімі қызметкерлері.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале