10.12.2024, 17:15
Оқылды: 115

Қаратөбе әкімі Мергенғали Қуановты зейнет жасымен құттықтады

Бүгін Қаратөбе ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев «Қаратөбе аудандық ветеринариялық станциясы» Қаратөбе ауылдық округінің аға мал дәрігері Мергенғали Қуановты зейнеткерлік 63 жасымен құттықтап, алғысхат табыстады.

IMG_9771

Аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы:

«Сіз ауданның ветеринария саласына зор еңбек сіңірдіңіз. Ұзақ жылдар бойы жинаған молтәжірибеңіз саладағы жас буын мамандарға үлгі. Қиын да жауапты жұмысты абыроймен атқарып, әріптестеріңіздің арасында үлкен беделге ие болдыңыз. Бейнеттің зейнетін көріп, отбасыңызбен баянды ұзақ өмір сүруіңізге тілекшімін» - деді.

Сонымен қатар Мергенғали Кәкімұлы Батыс Қазақстан облысы ветернария басқармасының басшысы Абзал Бралиевтің алғысхаты мен басқарма жанындағы «Батыс Қазақстан облысының мал дәрігерлері» қоғамдық бірлестігінің «Батыс Қазақстан облысының ветеринария саласындағы үздік қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды. 

Әріптестері атынан сөз алған аудандық ветеринариялық станциясының басшысы Азамат Есенаманов пен басшының орынбасары Ерлан Бердіғалиев Мергенғали Қуановты зейнеткерлік жасымен құттықтап, оның еңбек жолдарын мақтанышпен айтты.

Өз кезегінде сөз алған М.Кәкімұлы, еңбегін елеп, марапаттар табыстап, жылы лебіздерімен құрмет көрсетіп жатқан аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлына, аудандық ветеринариялық станциясының басшысы Азамат Темірұлына және бірге қызмет жасаған әріптестеріне ризашылығын білдірді.

Ерболат Мырхағұлұлы

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале