21.04.2023, 10:28
Оқылды: 122

Қаратөбе аудандық соты бірінші тоқсанды қорытындылады

 Қаратөбе аудандық сотының төрағасы Мереке Шүкіров 2023 жылғы  бірінші тоқсандағы аудандық сот жұмысының қорытындысы бойынша брифинг өткізді.

Брифинг фото

Шарада сот төрағасы 2023 жылғы 1 тоқсанда аудандық сотта қаралған істер бойынша келесідей мәліметтерді жариялады:

Қылмыстық істер бойынша:

Есептік кезеңде аудандық сотта 3 тұлғаға қатысты 3 қылмыстық іс қаралып, оның 2 ісі бойынша айыптау үкімі шығарылып, 1 қылмыстық іс сотталушының жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына және келтірген шығынды толық өтеуіне байланысты тоқтатылған.

Атап айтқанда, 1 тұлға ҚК-тің 346-бабының 1-бөлігімен, яғни бұрын сот қаулысымен көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған бола тұра алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айыру және 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

1 тұлға ҚК-тің 189-бабы 1-бөлігімен, яғни өзіне сеніп тапсырылған шаруа қожалықтың ұсақ малдарын талан-таражға салғаны үшін кінәлі деп танылып, оған мүлкін тәркілеусіз, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

Ал, 1-тұлға ҚК-нің 188 бабының 1 бөлігімен, ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқырмен айыптау туралы іс ҚК-тің 68-бабы 1-бөлігіне сәйкес, келтірілген зиянды қалпына келтіруіне және медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен тоқтатылған.

Есептік кезеңде сот үкімдерін орындаумен байланысты материалдар түспеген.

Аталған кезеңде тергеу судьясымен 12 санкциялау туралы материал  қаралған.

2022 жылдың 1 тоқсанында қаралған қылмыстық істерге 1 апелляциялық өтінішхат және 1 апелляциялық шағым келтірілген. Апелляциялық сатыда бұзылған немесе өзгертілген үкімдер болмаған.

Қаралған қылмыстық істер бойынша жеке қаулы шығарылмаған.

Азаматтық істер бойынша:

Есептік кезеңде аудандық сотқа барлығы 14 талап арыз және эксаумақтық бойынша 6 іс түскен. Ал 5 азаматтық іс 2022 жылдан қалған істер. 2 талап арыз қайтарылған.

Осы кезеңде 13 азаматтық іс аяқталған, оның ішінде 2 алимент өндіру туралы сот бұйрығы, 9 сот шешімі шығарылып, 2 іс медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылған. Сондай-ақ, 3 іс жеңілдетілген жазбаша іс жүргізу тәртібімен аяқталған.

Аталған кезеңде қаралған азаматтық істер бойынша 1 апелляциялық шағым келтіріліп, шағымдар қанағаттандырусыз, ал, сот шешімдері өзгеріссіз қалдырылған.

Азаматтық істер бойынша жеке ұйғарым шығарылмаған.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша:

Есептік кезеңде аудандық сотпен барлығы 28 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралған. Соның ішінде 1 іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған және 27 адам әкімшілік жазаға тартылған, оның 15 әкімшілік қамаққа алынған, 11 айыппұл салынған, 1 ескерту берілген, 1 автокөлік жүргізу құқығынан айыру жазасы, қосымша жаза ретінде 1  белгілі бір қызмет түрімен айналысуды тоқтата тұру және 1 тәркілеу тағайындалған.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде анықталған заң бұзушылықтарға шара қолдану үшін 1 жеке қаулы шығарылған.

Аталған уақытта әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша  апелляциялық шағым түспеген.

Шарада сот төрағасы кәмелетке толмаған балалары бар ерлі-зайыптылардың арасындағы некені бұзу туралы азаматтық істер және алкогольдік ішімдік ішкен мас күйде жасалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің азаймай тұрғанын айтып, бұл бағытта профилактикалық іс шараларды атқаруда тиісті уәкілетті органдармен қатар қоғамдық ұйымдар да атсалысуы қажет екенін атап өтті.

 

                                                                                                    Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале