19.10.2021, 15:55
Оқылды: 43

Қаратөбе аудандық соты тоғыз айлық жұмысын қорытындылады

18 қазан күні Қаратөбе аудандық сотында ағымдағы жылдың 9 айында сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстарды қорытындылау бойынша брифинг өтті.  

Сот 9 айлық

Жиынға төрағалық еткен сот төрағасы Мереке Шүкіров ағымдағы жылдың 9 айында сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті.

Аудандық қылмыстық істер бойынша есептік кезеңде Қаратөбе аудандық сотында 18 тұлғаға қатысты 15 қылмыстық іс қаралып, 14 қылмыстық іс бойынша 17 тұлғаға қатысты айыптау үкімі шығарылған. Ал, 1 қылмыстық іс сотталушы жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылған. Үкімдер бойынша 5 сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасы, 1 сотталушыға шартты жаза, 10 сотталушыға  бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалса, 1 сотталушының жәбірленуші мен медиация тәртібімен татуласуына байланысты жазаны өтеуден босатылған.

Есептік мерзімде сот үкімдерін орындаумен байланысты 6 материал және тергеу судьясымен 8 материал қаралған. Қылмыстық істерді қарау кезінде анықталған заң бұзушылықтарға шара қолдану үшін 2 (2) жеке қаулы шығарылған. Есептік кезеңде қаралған қылмыстық істер бойынша 4 апелляциялық шағым келтірілген және апелляциялық сатыда бұзылған немесе өзгертілген сот актілері болмаған.

Брифинг барысында азаматтық істер мен әкімшілік істерге тоқталған сот төрағасы Мереке Шүкіров:

– Аталған мерзімде барлығы 55 азаматтық іс аяқталып, оның ішінде 6 сот бұйрығы шығарылса, 33 іс бойынша сот шешімі шығарылып, 16 азаматтық іс жүргізу тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылғанын, оның ішінде 11 татуласу рәсімімен, 11 медиация тәртібімен тоқтатылып, азаматтық істер бойынша апелляциялық шағым түспеген, сәйкесінше бұзылған немесе өзгертілген сот актілері болмағаның атап өтті.

Әкімшілік істер бойынша есептік кезеңде аудандық сотпен 156 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралып, соның ішінде 135 тұлғаға әкімшілік жазалар тағайындалған, оның  83 әкімшілік қамауға алынып, 46 тұлғаға айыппұл салынды. 3 тұлғаға ескерту беріліп, бір тұлға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкімшілік жолмен шығарып жіберу, 2 тұлғаға көлік құралын басқару құқығынан айыру негізгі жаза ретінде және 11 тұлғаға арнайы құқықтан айыру және 3 тұлғаға әкімшілік құқықбұзушылық затың тәркілеу түріндегі қосымша жазалар тағайындалған.

21 әкімшілік іс жүргізу тоқтатылып, оның ішінде медиация тәртібімен татуласуына байланысты 11 іс жүргізу тоқтатылып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде анықталған заң бұзушылықтарға шара қолдану үшін 7 жеке қаулы шығарылған.

Аталған уақытта әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша бір апелляциялық шағым түскен, бұзылған немесе өзгертілген сот қаулылары болмаған.

Бұдан басқа, сот төрағасы барлық қаралған істер бойынша сот отырысында дыбыс-бейне жазба құралы пайдаланылғанын және індеттік жағдайларға байланысты барлық істер бейне конференцияның байланысы арқылы онлайн режимде қашықтықтан қаралғанын мәлімдеді.

Шарада сот төрағасы кәмелетке толмаған балалары бар ерлі-зайыптылардың арасындағы некені бұзу туралы азаматтық істер және алкогольдік ішімдік ішкен мас күйде жасалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер азаймай тұрғанын, сондықтан, бұл бағытта профилактикалық іс шараларды атқаруда тиісті уәкілетті органдармен қатар барлық қоғамның да атсалысуы өте маңызды екендігін атап өтті.

Халила Моржанова,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале