Бүгін Жаңа жыл мерекесіне орай Қаратөбе ауданы әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев бастаған топ көпбалалы және аз қамтылған отбасыларында болып, оқу үлгерімдері жақсы оқушыларға аудан әкімінің және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Жаңа жылмен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.
Аталған кездесуде Мұхит атындағы орта білім беретін мектебінен Президент шыршасына қатысушы 6-сынып оқушылары Жақия Нұрболатұлының, Гүлназым Нұрбергенқызының, Жұлдызай Нұрбайқызының отбасыларына барған аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев құттықтау сөз сөйлеп, балаларға сыйлықтарды өз қолымен табыстады.
Атап өтейік, Жұлдызай Нұрбайқызы «КИО» Республикалық математикалық олипиадасынан ІІ дәрежелі дипломмен және республикалық «Ұлы дала ұрпақтары» өнер мен білім «Көркемсөз» байқауында ІІІ орынды иеленіп, біраз жетістіктерді бағындырып жүрген үлгілі оқушылардың қатарынан.
Сонымен қатар әкім шыршасына қатысушы Қаратөбе мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы Жаннұр Бауыржанқызы мен Шөптікөл бөбекжай-балабақша кешенінің 7-сынып оқушысы Мәдина Ершатқызына да аудан басшысы жүрекжарды тілегін айтып, сыйлықтар тарту етті.
Кездесу барысында оқушылар өлең шумақтарын оқып, өздері жасаған қолөнер бұйымдарын көрсетіп, бойларындағы бар өнерлерін паш етті. Қаратөбе ауданы әкімі балаларға ата-аналарының үмітін ақтап, оқуларында озат, елге беделді азамат болуларын тіледі.
Халила Моржанова,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz