13.02.2024, 15:00
Оқылды: 124

Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының конкурстық комиссиясының қорытындысы негізінде Қаратөбе ауданы әкімінің 2024 жылғы 13 ақпандағы №27 өкіміне сәйкес Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Мұхтар Шайжанов тағайындалды.

 IMG_2924

Мұхтар Мерекеұлы 1995 жылы 6 маусымда Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2017 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін, 2021 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Жерге орналастыру, экономика, өңірлерді дамыту ғылымының магистрі.

IMG_2921

Еңбек жолын 2017 жылдың 18 шілдесінен Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының іс жүргізушісі болып бастаған. 2017 жылдың қыркүйек айынан қараша айы аралығында Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының бас маманы, 2017 жылдың қараша айынан 2018 жыл аралығы Қаратөбе ауданы әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас маманы, 2018-2021 жылдары Қаратөбе ауданы әкімінің көмекшісі, 2021-2022 жылдары Қаратөбе ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы, 2022-2023 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты әлеуметтік-экономикалық даму бөлімінің бас инспекторы, 2023 жылдың сәуірі мен желтоқсан аралығы Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты кәсіпкерлікті, агроөнеркәсіптік кешенді және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту бөлімінің бас инспекторы, 2023 жылдың желтоқсан айынан бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты кәсіпкерлікті, агроөнеркәсіптік кешенді және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

 

Бекжан Қойшекенов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале