Бүгін Ақтайсай ауылында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтетін «Батыр боламын» жобасы аясында спорттық кешеннің ашылу салтанаты өтті.

Спорттық кешеннің ашылу салтанатына арнайы қатысқан аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев, спорт ардагері Мереке Абденов құттықтау сөз сөйлеп, заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен жасақталған жаттығу залын ауыл халқы игілігіне пайдалануға тілектестіктерін жеткізді.

Салтанатты шарада спорт кешенінің лентасы қиылып, ақ жаулықты әжелер шашу шашты.
Спорттық жаттығу залын аралап көрген меймандар, спортпен шұғылданам деген өрендерге барлық жағдай жасалғанына көз жеткізді.

Жаттығу залында бокс, күрес бөлмелері, жүгіру жолағы, жаттығу құралдары орналасқан.

Серікбай Хасанов
Қаратөбе ауданы