3.09.2024, 22:00
Оқылды: 324

Қаратөбе ауданы: Қоржында 90 отбасы қоныс тойын тойлады

Су тасқынынан зардап шеккен өңірдің бірі – Қоржын ауылы. Елді мекенде үйлерге су кіріп, 90 үй тұруға жарамсыз болған еді. Міне бүгін тасқынынан зардап шеккен 90 отбасыға жаңадан салынған тұрғын үйлердің кілті табысталып, үлкен қуанышқа кенеліп, тұрғындар қоныс тойын тойлауда.

image-03-09-24-07-53-17

Жаңа қоныс иелерінің қуанышымен бөлісуге облыс әкімі Нариман Төреғалиев арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа қоныстарымен құттықтады.

image-03-09-24-07-53-18

 – Биылғы жылы елімізде көлемі жағынан соңғы 80 жылдағы ең ірі табиғи апат болып есептелетін көктемгі су тасқынына байланысты Қазақстанның 10 облысында төтенше жағдай жарияланған болатын.

Солардың ішінде Қаратөбе ауданына қарасты Қоржын ауылы да тілсіз жау салдарынан күрделі жағдайға душар болғаны баршамызға белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке, уәкілетті органдарға, облыстардың әкімдеріне тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға қысқа мерзімде жаңа тұрғын үй салу және үйлерді жөндеу, коммуналдық әлеуметтік инфрақұрылымды тез арада қалпына келтіру шараларын қабылдаумен қатар жүйелі жұмыс қажет екенін атап өткен еді.

image-03-09-24-07-53-10

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші Қоржын ауылының жұртына төтеннен келген апаттың салдарына мойынсұнбай, қиындықтарға төтеп бергені үшін, ал өңіріміздің өзге азаматтарына көрсеткен көмектері мен демеушіліктері үшін алғыс айтамыз.

Бүгін міне, барлық қиын кезең артта қалып, зардап шеккен Қоржын ауылының Аталған мердігерлердің қолға алуымен Қаратөбе ауданының Қоржын ауылы бойынша барлығы 90 тұрғын үйге құрылыс жұмыстары 2024 жылдың 25 мамыр күні құрылыс жұмыстарын бастап, қазіргі таңда халық игілігіне пайдалауға берілгелі отыр.

image-03-09-24-07-53-14

Баршаңызды қол жеткізген қуаныштарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа үйлерге қоныстанған шаңырақтардың ырыс-берекесі арта берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - деді өңір басшысы құттықтау лебізінде.

Жаңа қоныс алып жүздері жадыраған жұрт қиын кезеңде көмек қолын созған халыққа аудан, облыс басшылығына ауылдастары атынан шынайы алғыстарын жеткізді.

Шараға БҚО мәслихатының төрағасы Мұрат Мұқаев, облыстық маслихат депутаттары, мердігер компания басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.

image-03-09-24-07-53-4

Айта кетейік, үйлердің жалпы құны – 2 млрд 830 млн 814 мың 390 теңге болатын «Ақжайық» жеке қорының «Тәуекел» ЖШС - 24 үй, «Kazakhstan GIGA Trade» ЖШС - 24 үй, «Батыс Құрылыс Қызмет» ЖШС – 12 үй, «АЙАС Строй Сервис» ЖШС - 12 үй, «Жайық Құрылыс Факт» ЖШС – 9 үй, «Орал Спецстрой» ЖШС - 9 үйге құрылыс жұмыстарын жүзеге асырды.

image-03-09-24-07-53-7

image-03-09-24-07-53

image-03-09-24-07-53-12

Серікбай Хасанов, 

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале