29.06.2024, 9:00
Оқылды: 52

Қаратөбе ауданы: шебердің орындауында бірнеше күй орындалды

Алаш және Қайыржан Хасановтың тарихи-өлкетану музейінде белгілі домбыра жасаушы шебер, күйші, домбыра жасаушы шеберлердің республикалық «Үкілі домбыра» байқауының екі дүркін лауреаты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры, «Орал қаласының құрметті азаматы» Едіге Нәбиевпен кездесу кеші өтті.

Едіге 1

Едіге Қуанғалиұлы музейді аралап, ондағы жәдігерлермен танысты.

Айтулы кездесу іс-шарасын аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Набиоллаұлы жүргізді. Кездесу барысында Едіге Қуанғалиұлы әкесі туралы  әңгімелеп, домбыра жасауды әкесінен үйренгенін айтты.

Едіге 6

Едіге аға қара домбырасын қолына алып әйгілі күйші Құрманғазы Сағырбаевтың,  Дина Нұрпейсованың, Махамбет Өтемісұлының, Дәулеткерей мен Түркештің күйлерін орындап, іс-шараға қатысушыларды өзінің тамаша өнерімен тәнті етті.

Өнер сүйер қаратөбеліктердің сұрауы бойынша Ғарекеңнің «Ақкербез» әнін орындап берді.

Өнер иесі өзінің қолымен жасалған домбырасын сатып алып, қолданып жүрген қаратөбелік жас домбырашы Гүлзат Қадыржанқызына ризашылығын білдіріп, домбырасына жаңа шекті сыйға тартты.

Едіге 4

Кездесу барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рамазан Қыдырашев, жас домбырашы Гүлзат Қадыржанқызы, «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Абат Зейнуллиндер күйші Едіге Қуанғалиұлының өнеріне бас иіп, қаратөбеліктер атынан алғыс білдірді.

Едіге 2

«Сіз киелі, өнер ордасы Қаратөбеге қош келдіңіз. Бүгін сіздің орындаған күйлеріңізге тәнті болдық. Жасыратыны жоқ бұрын күйлерді көп тыңдай бермейтінбіз. Көбіне эстрадалық әндер тағы да басқаларды тыңдайтынбыз.Сіздің күй орындау шеберлігіңіз бізді күй тыңдауға еріксіз тартты. Өнеріңіз үстем болсын. Осындай тамаша кездесулер бола берсе, жастарымыздың күйлерді зер салып тыңдауына үлкен ықпалы болар еді»,-деді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рамазан Қыдырашев.

Едіге 3

Шебердің домбырасын тартып жүрген қаратөбелік жас домбырашы Гүлзат Қадыржанқызы да шебердің қолынан шыққан домбыраның ерекшелігіне тоқталып, сол домбырасымен тамаша бір күй орындап берді.

Едіге 7

                                                                                          Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале