22.06.2025, 12:30
Оқылды: 456

Қаратөбе ауданы: Сулыкөлде округ әкімінің сайлауы өтіп жатыр

Қаратөбе аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысымен Қаракөл ауылдық округі əкімінің сайлауы ағымдағы жылдың 22 маусымына тағайындалған болатын.

Сулыкөл сайлау (1)

Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің əкімдерін сайлау бойынша 22 маусымда Сулыкөл ауылдық округіне қарасты Сулыкөл ауылындағы №283, Үшана ауылындағы №284 және Төлен ауылындағы №285 сайлау учаскелерінде округ əкімінің сайлауы өтуде.
Сулыкөл ауылындағы №283 сайлау учаскесінде дауыс беру таңғы сағат 7-де басталып, мемлекеттік гимн орындалды. Сайлаудың ашылу салтанатын уческелік сайлау комиссиясының төрағасы Тоймырза Нұрбергенов құттықтау сөз сөйлеп ашты.
Ауыл тұрғындарының сайлауға қатысуы қарқынды. Алғашқы дауыс беруші ауыл тұрғыны 79 жастағы Жеңісқали Қуанышкереев сайлау учаскесіне ерте келіп өз таңдауын жасады.
Дауыс берушілер заң шеңберінде өз таңдауларын жасап, сайлауға белсене қатысуда. Ауылдық округ әкіміне кандидат 3 үміткер бар.

Сулыкөл сайлау (7)
Сулыкөл ауылы бойынша 728 сайлаушы тіркелген. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының таңғы сағат 10-дағы мəліметіне сәйкес 189 сайлаушы, яғни дауыс берушілердің 25,96 пайызы дауыс беріп үлгерген.

Серікбай Хасанов
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале