9.12.2025, 15:45
Оқылды: 7

Қаратөбе ауданы: Сулыкөлде жаңа мешіт ашылды

Қаратөбе ауданы, Сулыкөл ауылдық округінде жаңа мешіт ашылды. Мешіттің ашылу салтанатына Қаратөбе аудандық маслихатының төрағасы Нұрлан Мендешов, Батыс Қазақстан облысының өкіл имамы Самат Әлібаев, Қаратөбе аудандық мешітінің имамы Әділжан Бекқазиев арнайы қатысты.

Жаңа мешіт

Мешіт құрылысы ауыл азаматтарының демеушілігімен тұрғызылды. Мешіттің ашылу салтанатында алдымен дұға бағышталды. Батыс Қазақстан облысының өкіл имамы ашылу салтанатында құттықтау тілегін айтып, демеушілік білдірген ауыл азаматтарына алғыс хат табыстады.

Қаратөбе аудандық маслихатының төрағасы Нұрлан Құмарұлы тілегін жеткізіп, демеушілік білдірген бір топ ауыл азаматтарына аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевтің алғыс хатын табыстады.

Мешіттің ашылу салтанатында лента қию рәсімін Аман ақсақал мен Рақым ақсақал жүргізді. Ашылу салтанатына ауыл тұрғындары белсенді қатысып, мешіттің береке мен бірлік сыйлайтын орынға айналғанын тіледі.

Жаңадан ашылған мешітке имам болып ауыл азаматы Жанбота Кендебайұлы тағайындалды. Ол мешітте діни қызметті атқарып, ауыл тұрғындарына рухани қолдау көрсететін болады.

 

Бекжан Қойшекенов,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале