Қаратөбе ауданы, Сулыкөл ауылында жаңадан дүкен ашылды. Сулыкөл ауылының тұрғыны Ербол Елеуов өз қаражатына округ орталығынан «Жеңісбек» азық-түлік дүкенін ашты.

Жаңадан ашылған дүкеннің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Ғабит Ғазиев құттықтау сөз сөйледі.
– Құрметті ауыл тұрғындары сіздерді Наурыз мерекесінің қарсаңында «Жеңісбек» дүкенінің ашылуымен құттықтаймын. Мемлекет тарапынан шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау бар. Шағын дүкен ауыл игілігіне қызмет жасасын. Дүкен қожайынының кәсібіне береке берсін. Еліміз гүлденіп, өркендей берсін, - деді Ғабит Талаптанұлы.

Дүкеннің ашылуында құттықтау лебіздерін жеткездген Сұлушаш Матжанова, Набат Ақымғалиева, Жаңылсын Аятжанова азық-түлік тауарлары дүкенін ашып, халыққа қызмет етуді қолға алған ауыл кәсіпкері Ербол Елеуовтің қызметіне сәттілік тіледі.

«Жеңісбек» дүкенінің ашылу салтанатының лента қию рәсімін аудан әкімінің орынбасары Ғабит Ғазиев пен Сұлушаш Матжанова жүргізді. Жаңадан ашылған дүкеннің ашылуында шашу шашылып, сазды сәлем жолданды.
Серікбай Хасанов,
Қаратөбе ауданы
