11.02.2025, 17:45
Оқылды: 166

Қаратөбе ауданында 27 жұмыс беруші 64 бос жұмыс орнын ұсынды

Бүгін аудандық мәслихаттың мәжіліс  залында аудандық мансап орталығы  бос жұмыс орындары жәрмеңкесін  өткізді.

IMG_0480

Бос жұмыстар орны жәрмеңкесінің ашылу салтанатында мансап орталығының директоры Махамбет Маралұлы сөз алып, жұмыс іздеушілерге сәттілік тіледі.

–  «Қаратөбе ауданының мансап орталығы» филиалы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жұмысшы мамандығы жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 50-тармағына сәйкес бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізіп отырмыз.

IMG_0483

Жәрмеңке  жұмыссыздықты жойып, жұмыс іздеп жүрген азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін бірден-бір жеңілдік болып саналады.

Жәрмеңкеге 27 жұмыс беруші мекеме қатысып, 64 бос жұмыс орны ұсынылды.

Жәрмеңкеге 31 жұмыссыз адам (14-і жастар) қатысты.

Жәрмеңке нәтижесінде 9 адам тұрақты жұмысқа, 1 адам күміс жас жобасына, 2 адам қоғамдық жұмысқа және пробация есебінде тұрған 1 адам квотаға сәйкес тұрақты жұмысқа орналастырылды,– дейді аудандық мансап орталығының директоры Махамбет Қажгереев.

IMG_0476

Айтулы еңбек жәрмеңкесіне аудан орталығындағы аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, қорғаныс істері жөніндегі бөлім, қаржы және экономика бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қорғау орталығы», Шөптікөл мектеп-бөбекжай кешені, Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясы, Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, аудандық, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы», аудандық  жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты, «Балдырған»  бөбекжайы,  «АMANAT» партиясы аудандық филиалы, «Қаратөбе» спорт клубы, «Жәйлеш» шаруа қожалығы және тағы да басқа мекемелер бос жұмыс орындарын ұсынған.

 

                                                                         Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале