«Елдің көркі тазалықта» - демекші тазалық айлығы аясында бүгін, аптаның жұма күні Қаратөбе ауданы орталығында сенбілік өтті.
Сенбілікке аудан орталығындағы мекемелер ұжымы жаппай шығып, өздерінің мекемелері айналалары мен «Астана» және «Қажым Жұмалиев» - атындағы саябақтарды тазалап, ағаштар түптерін қопсытып, көшедегі гүлзарларды гүл отырғызуға дайындау жұмыстарымен жұмыстанды.
«Тазалық – денсаулық кепілі» - демекші туған жеріміздің мәнді де, сәнді болғаны баршамызға ауадай қажет» – дейді сенбілікке шыққан ұжым қызметкерлері.
Ерболат Мырзағұлұлы,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz